Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ә.Алдияров, қазақтың алғашқы кәсіби дәрігерлерінің бірі» «QOSTANAI» телеарнасының «Көненің көзі» тележобасында

07.09.2020
«Ә.Алдияров, қазақтың алғашқы кәсіби дәрігерлерінің бірі»  «QOSTANAI» телеарнасының   «Көненің көзі» тележобасында

Qostanay телеарнасының «Көненің көзі» бірлескен бағдарламасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері қазақтың алғашқы кәсіби дәрігерлерінің бірі, қоғам қайраткері Әбубәкір Алдияровтың өмірі мен қызметі туралы әңгімеледі.

Әбубәкір Бермұхамедұлы Алдияров 1879 ж. Торғай облысы Қостанай уезінің Сарыой болысында дүниеге келген. Ы.Алтынсарин ұйымдастырған қолөнер мектебін, Орынбордағы гимназияны аяқтап, Қазан университетінің медицина факультетіне оқуға түседі. Генерал-адьютант Н.А.Крыжановский атындағы стипендиямен оқыған. 1904 жылы университетті күміс медальмен аяқтайды. Ақтөбе, Қостанай уездерінде және Троицк қаласында жұмыс істеген. Медициналық қызметімен бірге, «Алаш Орда» партиясының мүшесі ретінде қоғамдық жұмысқа белсене араласты. 1917 ж. желтоқсан айында Орынборда өткен «Алаш» партиясының съезінде Ә.Алдияров Алаш Орданың Қостанай уездік комитетінің төрағасы болып сайланды. «Алаш» қозғалысына белсене қатысқаны үшін 1928 жылы Өскеменге жер аударылады. Жалған жаламен 1938 жылы ату жазасына кесіледі. 1956 жылы 29 қыркүйекте қайта ақталған. 

Әңгіме барысында музей қызметкерлерінің ҚР мемлекеттік архивтерінен анықтаған құжаттар мен фотосуреттері көрсетті.

https://www.facebook.com/100014426732442/posts/892077827949767?sfns=mo

https://vk.com/wall397862586_1080

https://www.instagram.com/tv/CErCnOTlbrw/?igshid=hf4ptpb0aocs