2020 жылдың 16 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанның халық ақыны, ұстаз, Қазақстанның халық ағарту ісінің және мәдениет саласының үздігі Әсия Әйіпқызы Беркенованың 70 жасқа толуы қарсаңында онлайн-көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның жеке заттары, фотоқұжаттық материалдар, марапаттары қойылды. Көрме барысында Ә.Беркенованың өмірбаяны айтылып, фотосуреттер мен марапаттарының тарихына тоқталды.
Ә.Беркенова 1950 жылы 22 сәуірде Қостанай облысының Әулиекөл ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтын аяқтағаннан кейін Наурызым ауданының қазіргі Өлеңді орта мектебінде ұзақ жылдар орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Қазіргі кезеңде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Өнер» студиясына басшылық жасап, талапты жастарды өнерге баулуда.
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/792968081194076?sfns=mo