Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 17-мамырдан 18-мамырға қараған түнде «Мұражай түні» интерактивті іс-шарасы өтті. Келушілер «Тарих тынысы» көрмесіне қойылған мұражайдың көптеген жәдігерлерін бірінші рет көріп, тамашалады. Мұражай мейрамына қатысушылар: суретші-қолөнершілердің шеберлік сағаттарын, жаяужол астрономиясын, алау жанындағы бард әндерін, сән агенттігінің салтанатты шеруін, боди-арт сеансын тамашалап, мұражай самаурынының дәмді шайын ішті.