Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ешқашан соғыс болмасын» — батылдық сабағы

08.05.2013
«Ешқашан соғыс болмасын» — батылдық сабағы

Биылғы жылы Ұлы Жеңіске 68 жыл толады. Осы мерекеге орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ешқашан соғыс болмасын» - атты батылдық сабағы өтті. Іс-шараға Қостанай қаласының №2 және Затоболь орта мектебінің оқушылары қатысты.

9 Мамыр әртүрлі елдердің миллиондаған тұрғындары үшін жалпыға ортақ Жеңіс күні болды. 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы ХХ-ғасырдағы ең басты шиеленіскен оқиғаның бірі ретінде, адамзат тарихының ең қайғылы беттерінің бірі ретінде мәңгілікке есте қалмақ. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қостанай облысы түпкірдегі тылда болса да, қостанайлықтардың жеңіске қосқан үлесі орасан зор болды. Облыс өмірі «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін!» деген бір мақсатқа бағынды. 73 мың қостанайлық майданға аттанды, олардың 37 мыңға жуығы майдан жалынынан қайтып оралмады.

Жоғарғы және төменгі сынып оқушылары соғыс жылдарындағы өлкеміздің тарихымен, қостанайлық жауынгерлердің және тылдағы еңбеккерлердің ерліктерімен танысты. Тарихи-өлкетану мұражайының қорынан алынған сирек кездесетін құжаттар мен фотосуреттерден тұратын электронды презентация көрсетілді.

Жеңіс күні-әрқашан жадымызда жүретін мереке. Жеңіске қол жеткізу үшін қаншама жандар өмірлерін қиды, мыңдаған жас жандардың өмірлері жаудың оғынан тоқталды. Өз өмірлерін Жеңіс үшін қиып, жау оғынан, қан майданда бастарын төмендетпей, керісінше, жоғары ұстап қаза тапты. Ендеше бүгінгі күні бақытты өмір сүруімізге жағдай жасаған ардагерлерімізге тағзым етеміз.