Конституция күні – мемлекеттік маңызды мереке, сондықтан ол әрбір мекемеде өткізілуге тиіс. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы да бұл мерекеден тыс қалған жоқ.ҚР ҰҚК ШҚ 2031ә/б және 2039ә/б шекарашы-офицерлері үшін 29 тамыз 2013 жылы мұражай қызметкерлері «Конституция – Қазақстан тәуелсіздігінің кепілі, бейбітшілік пен тұрақтылық негізі» атты іс-шара өткізді.
Мұражай ерекшелігіне тән, қызметкерлер тарихи мәліметтерге тоқталып, Конституцияның даму жолдарын айқын көрсетті. Осындай қызықты мәліметтерге көңіл бөліп, тыңдармандар іс-шараны жақсы қабылдады. Іс шараның барысында «Конституция» тақырыбында викторина жүргізілді.