ҚОЖАМҚҰЛОВ (СЕРКЕ) СЕРӘЛІ

(1896 ж., Торғай облысы Қарабалық ауданы, 13 ауылы - 1979 ж.) - қазақтың театр және кино актеры, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі.

1913 жылы Троицкідегі Уазипа медресесінде білім алады. 1919 жылы Қостанайдағы офицерлер клубы «Мұсылмандар клубы» болып аталады да, өнерге бейімді қазақ және татар жастарынан драма үйірмесі құрылады. С.Қожамқұлов пен Е.Өмірзақов актерлік өнердің ұзақ жолын осы арадан бастайды. Қостанайдағы төтенше комиссар Ә.Жангелдин отрядының қатардағы қызыл жауынгері болған.

1920-1922 жылдары  Орынбордағы татар халық ағарту институтында оқиды. 1923 жылы Қостанай округтік сотының 10-бөлімінің халық тергеушісі болады. 1925 жылы Қызылордада ұлттық театр жаңа ашылған кезде, бас режиссер етіп тағайындалады.

Театр мен кинода 200-ге тарта рөлдерде ойнады. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясында Еспембет рөлін сомдаған. 25-тей киноға түскен. 1976 жылы С.Қожамқұловқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 3 Ленин орденімен марапатталған.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін198   Кеше234   Бір аптаның ішінде1571   Айында691   Барлығы309849  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі