Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ҚАРАБАЕВ МҰХАМЕДЖАН

(1858 ж., бұрынғы Торғай облысы Николаев уезі Кеңарал болысының №4 ауылы - 1928 ж.) - қазақтың тұңғыш кәсіби дәрігері. Троицкідегі ерлер гимназиясын аяқтағаннан кейін Қазан университетінің медицина факультетіне оқуға түседі. Қазан және Орынбор қалалық клиникаларында, Қостанай қалалық дәрігері, Ырғыз уездік дәрігері болып жұмыс істейді. Дәрігерлердің жетіспеушілігі салдарынан қай жерде індет тараса сол араға жіберіп отырды. Түркістанда, Ақтөбенің Ырғыз уезінде дәрігер ретінде кең тараған аурулармен күрес жүргізді. 1911 жылдың басында Қарабаев Якутияға алапес ауруымен күресуге барған. Бес жылдай Якутияда, Орта Колымада дәрігер болып жұмыс істейді.1919 жылы Қостанайға оралады. Өзінің іс-тәжірибесімен, білімімен Кеңес өкіметіне, халыққа қызмет көрсетуге әзір екендігін айтқан 60 жастан асқан дәрігерді Қостанай уездік денсаулық сақтау бөлімі қуана қарсы алады. Боровскойға аурухана меңгерушісі етіп тағайындайды. 1919-1920 жылдары Қарабаев сүзекпен науқастанғандарды емдеудің алдыңғы легінен көрінді. 1921 жылы тырысқақ ауруы кең етек алады. Жасының ұлғайғанына қарамастан, ат үстінде жүріп шалғай ауылдардағы науқастарды емдейді. Қарабаев 40 жыл дәрігер болып қызмет атқарды. 1927 жылы өзінің сүйікті ісімен қоштасады. 1928 жылы дүниеден өтті.