Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Музейдегі түн» онлайн акциясы

02.09.2020
«Музейдегі түн» онлайн акциясы

«Музейлер шеруі» жалпыреспубликалық музейлік акциясы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі 2020 жылдың 29 тамызында онлайн форматта қызықты танымдық-тақырыптық бағдарлама ұсынды.

Әлеуметтік желі оқырмандарына ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ларисы Дмитриеваның «Шабыт әуендері» атты онлайн дербес көрмесінің тұсаукесері;  музейдің қор жиынтығынан «Жақсы дәстүр – отбасының тірегі» атты виртуалды көркемсурет көрмесі ұсынылды.

Сондай-ақ қазақ халқының ұлттық мәдениетін дәріптеу, салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында «Қызды оң босағаға отырғызу» атты бейне лекторий ұсынылды. Көрермендер Қостанай облысының көркем табиғаты бойынша түнгі экспозицияда өтетін экскурсияны тамашалады.

Facebookhttps://www.facebook.com/it.kraeved.kst

Vkontaktehttps://vk.com/id397862586

Instagramhttps://www.instagram.com/kostanaymusey/

Твиттерhttps://twitter.com/KraevedKst

Галерея изображений