Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін248   Кеше265   Бір аптаның ішінде513   Айында6528   Барлығы308791  
Жаңалықтар
30 қазанда А. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары үшін қаланың байырғы тұрғыны, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Г.М. Соковпен «Қостанай суретші көзімен» атты экскурсия өткізілді. Экскурсияда Георгий Михайловичтің Қостанай қаласының бұрынғы көрінісі бейнеленген картиналарының репродукциялары ұсынылды, қазіргі кезде олардың көпшілігі сәулет…
2022 жылдың 30 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті қоғам және саяси қайраткер, көсемсөзші, әдебиет сыншысы Ілияс Омаровтың туғанына 110 жыл толуына орай «Өмір философиясы» атты музыкалық-көркем кеш өтті. Шара барысында шақырылған қонақтар Ілияс Омаровтың шығармашылық және өмір жолы туралы…
2022 жылдың 29 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, Астананың жас суретші-кескіндемешісі Ренат Елубаевтың «Туған жерге тағзым» атты дербес көрмесі ашылды. Ренат Елубаев Қостанай облысының Арқалық қаласында туған, бала кезінен сурет салумен айналысты.…
2022 жылдың 28 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Астана қаласынан келген Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Ренат Елубаевтың «Акварель технологиялары» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағына Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің "Визуалды өнер, көркем еңбек, графика…
Бүгін, Балалар жылы аясында және Еңбек күні мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Еңбек ер атандырады» тақырыбында музей сабағын өткізді, сабақ барысында музей қызметкері жалпы білім беретін № 19 мектептің оқушыларына мерекенің негізгі мақсаты, идеясы мен тарихи деректер туралы айтып…
21 қыркүйек күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым және лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «А.Байтұрсынұлы мұрасы – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, өлкетанушылар,…
16 қыркүйекте А.М.Горький атындағы мектеп-гимназияның 4 А сыныбы оқушыларына «Тасты көл шатқалы» табиғат ескерткішіне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға қатысушылар өлке табиғаты мен экологиясын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету секторының қызметкері А.В.Андрющенконың өсімдік әлемінің алуан түрлілігі туралы әңгімесін зейін қойып тыңдады, бұлақтан су ішіп,…
17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері, ақын Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толады. Сырбай Мәуленов қырыққа жуық жинақтардың авторы. Ақынның 100 жылдық мерейтойы…
2022 жылдың 16 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде белгілі қостанайлық фотосуретші Олег Яблочкиннің туғанына 60 жыл толуына орай "Менің әлемім" атты дербес мерейтойлық көрме ашылды. О.В. Яблочкин Қостанай қаласындағы техникалық училищені үздік бітіріп, фотограф мамандығын алды. Сан…
2022 жылдың 16 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде белгілі қостанайлық фотосуретші Олег Яблочкиннің туғанына 60 жыл толуына орай "Менің әлемім" атты дербес мерейтойлық көрме ашылды. О.В. Яблочкин Қостанай қаласындағы техникалық училищені үздік бітіріп, фотограф мамандығын алды. Сан…
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі