Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін35   Кеше53   Бір аптаның ішінде88   Айында937   Барлығы163669  
Жаңалықтар
2018 жылы 11 қыркүйекте Астана қаласының Жас Суретшілер одағының мүшесі, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі Гүлдана Жұрқабаеваның «Альтернатива» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде автордың 20 кескіндемелік туындысы ұсынылды. Гүлдана Жұрқабаева Қостанай облысы Торғай кентінде дүниеге келген. 2003 жылы Қостанай гуманитарлық…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Ұлттық отбасы күніне «Музейге отбасымен саяхат» атты акция ұйымдастырлы. Осы ерекше демалыс күнінде музейге келушілерге арналған бағдарламада «Отбасы шежіресі», «Отбасы елтаңбасы» сияқты байқаулар болды. Акцияға қатысушылар туыстық қатынастар тақырыбында кроссвордтар мен жұмбақтар шешті, караокеге қосылып…
Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ақын, публицист, педагог және қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың туған күніне байланысты ағымдағы жылы 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Тілдер мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «А.Байтұрсынов – тіл…
1 қыркүйек – барлық оқушылар, студенттер мен олардың ата-аналары үшін мереке, бұл қоңырау үні, гүлшоқтары, ақ бантик, тебіреністер, әлемнің дәстүрлі оқу жылы. Дәл осы күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қостанай қаласының №2 орта мектебінің оқушыларын музей сабақтарына шақырды. Балалар…
Қазақстан Республикасының Конституциясы - елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. ҚР Конституциясы күні қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мүгедек жандарға әлеуметтік көмек көрсету орталығының балалары…
Қостанайда қала күнін мерекелеу қарсаңында 2018 жылы 24 тамызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөліміне 10 жыл толуына арналған «Шабыт пен шығармашылық галереясы» атты көрменің ашылуы өтті. Экспозицияда Картина галереясы ашылғаннан бергі аралықта тақырыптық және дербес көрмелерге ұсынылған суретшілердің…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 20 тамызда Меңдіқара ауданының Боровской ауылында аудандық МҮ бірлесіп жоғары медициналық білімі бар қазақтың тұңғыш кәсіби дәрігері Мұхаметжан Қарабаевтың 160 жылдығына арналған көрме ұйымдастырды. Мұхаметжан Қарабаев (1858-1928) - еңбекқор, тақуа, адал ниетті ерекше жаратылған жан…
Өлке табиғаты мен экологиясын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету секторының қызметкері тамыз айының 14 күні Таран ауданы бойынша қысқа мерзімдік іссапардан оралды. Іссапар мақсаты: ландшафт, табиғат нысандарын фотосуретке түсіру, ботаникалық, минералогиялық және палеонтологиялық материалдар жинау.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Туған жер сарыны» көрмесі ашылды. Көрмеден қостанайлық суретшілер Н. Торшин, Г. Соков, С. Шалунова, Н. Халифаева, О. Кусковтардың туындыларын тамашалауға болады. Әрбір автор шығармашылық батылдығымен және өзіндік ерекшеліктерімен айқындалады. Олардың туындыларымен таныса отырып, суретшілердің өзінің туған…
ҚР Астанасының 20 жылдығын мерекелеуге арналған ай сайынғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылы 16 тамызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қостанай қаласының мүгедектерге қызмет көрсету орталығынан келген балалар мен жасөспірімдерге «Ақмола-Целиноград-Астана» музей сабағы өткізілді. Іс-шара қатысушылары Ақмоланың түпкі атасы - орта…
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі