Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін16   Кеше57   Бір аптаның ішінде373   Айында727   Барлығы194545  
Жаңалықтар
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды жан-жақты қолдау мақсатында «Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе жұмыс атқарады. Музей қызметкерлері мүгедектердің ерікті қоғамының демалыс орталығында өткен Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараға қатысып «Дәуір тұлғасы» атты дәріс оқып, орталық…
Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне орай музей жыл сайын Никотиннің зияны және темекі шегуді қойдыру тәсілі туралы халықты ақпараттандыруға арналған «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын!» атты акциясын өткізеді. 21 қарашада келушілер, әсіресе жастар мен жасөспірімдер темекіге қарсы насихатқа белсенді…
«Рухани Жаңғыры» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қасиетті нысандарды ақпараттық жариялау жұмыстары жалғасуда. Рухани құндылықтарды нығайту, тарихи ескерткіштер мен қасиетті орындарды насихаттау мақсатында музей 2019 жылы Қостанай облысының мәдениет басқармасымен бірлесіп «Қостанай облысының қасиетті нысандары» атты суретті…
Облыстық музейдің қызметкерлері жұмыс жоспары бойынша Жамбыл облысының музейлерінде ұлттық-мәдени мұра нысандарын, қасиетті және ескерткіш орындарды сақтау және насихаттау мәселелері бойынша тағылымдамадан өтті. Іс-сапар барысында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экспозициялық және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша…
2019 жылы 15 қарашада «Жас дарындар шоғыры» көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының дипломдық жұмыстары ұсынылған. Көрме экспозициясына бейнелеу өнерінің әр түрлі техникалары мен түрлерінде орындалған 100-ден астам жұмыстар қойылған. Оқушылар өз шығармашылықтарында, кескіндемеде акрил, гуашь, майлы…
2019 жылдың 15 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған «Халық жадында» атты әдеби кеш өтті. Ақын-жазушылар, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері қатысты. Кеш барысында музей…
Ұлттық валюта күні қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде теңгенің шығу тарихына арналған іс-шара өтті. Қостанай медициналық колледжінің студенттері ақша айналымының тарихы туралы пайдалы ақпараттар алды. Тәуелсіз Қазақстанның қағаз ақшалары мен мерейтойлық монеталары қойылған музейдің нумизматикалық жиынтықтар көрмесі жұмыс жасады. Ақша…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жақсылық дәні» атты экологиялық акция өтті. Ол халық арасында «Зиновий – синичник» аталған қыстайтын құстарды қарсы алу күніне (12 қараша) орай ұйымдастырылды. Бұл күні полярлық жапалақ және ақ шымшық - «қысқы қонақтарды» қарсы алуға дайындалып, біздің…
2019 жылы 6 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні» топтамасынан «Ас - адамның арқауы» атты этнографиялық интерактивті жоба жүзеге асырылды. Іс-шара барысында қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі, құндылығы туралы мәлімет беріліп, ұлттық тағамдардың жасалу жолдары туралы, соның…
 Облыстық музейдің жұмыс жоспары бойынша 28 қазан – 1 қараша аралығында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде және Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыстық жазба архивінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Жұмыс барысында 1930-1950 жылдары жазалауға ұшыраған атақты жерлестеріміз -…
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі