Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін19   Кеше57   Бір аптаның ішінде376   Айында730   Барлығы194548  
Жаңалықтар
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде 2020 жылы 27 қаңтарда шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі, кинорежиссер Валерий Захарьевпен кездесуі өтті. Бұл автордың «Көре білу өнері» тақырыбындағы екінші кездесуі. Картина галереясы залында қазіргі орыс әдебиеті қазынасының…
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында желтоқсанның 18-24 аралығында кешкі сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының жаяу жүргіншілер аймағында, жаңа жылдық шырша маңында сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің «Жаңа жылдық ғажайып» атты бұйымдар жәрмеңкесі өтті. Керемет безендірілген ашық көрме-жәрмеңкеден қала қонақтары мен тұрғындарына кәдесыйлар…
2019 жылдың 20 желтоқсанда «Пленэр-2019» көрмесінің ашылуы болды. «Пленэр - 2019» көрмесіне музей жобасы кезінде ғана емес басқа уақыттарда даәртүрлі техникада орындалған жұмыстар, яғни пейзаждар мен этюдтік композициялар қойылған. Көрермендер авторлардың жоба аясында болған облыс аудандарының ландшафтымен танысып, қала көріністерін,…
Жаңа жыл қарсаңында 19 желтоқсан күні музей қызметкерлері «Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ балалары үшін шырша ойыншықтарын дайындау бойынша «Жаңа жылдық ғажайыптар» атты шеберлік сағатын өткізді. Орталықтың тәрбиеленушілері қызығушылықпен және зор ынтамен шырша ойыншықтарын фоамиран және…
Жас ұрпақтың ұлтымыздың тарихын, дәстүрлерін сақтауға, туған жерге деген құрметін арттыру мақсатында Қостанай облыстық музейінде «Тәуелсіз Қазақстанға саяхат» атты интерактивті жоба өтті. Қаламыздағы №2 орта мектептің оқушылары ойын түрінде тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуы тарихына шолу жасады. Балалар өз білімдерін…
2019 жылдың 11 желтоқсанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні» топтамасынан «Түнгі музей құпиялары» атты жоба өтті. Келушілер мен қонақтарға май шамның жарығымен музей залдарында экскурсия өткізілді. Музей залдарында театрландырылған Төле би мен Шақшақ Жәнібекке қатысты шағын…
ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында музей қызметкерлері қаламыздағы №7 орта мектептің 7-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстан бойынша саяхат» интеллектуалды сайыс өткізді. Тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша интерактивті саяхаттан кейін балалар топқа бөлініп «Білгірлер жарысы», «Тарихи тұлғаны танып біл» атты білім…
Талантты суретші-пейзажшы, аса көрнекті маринист И.К. Айвазовскийдің шәкірті - Лев Феликсович Лагорионың өмірі мен шығармашылығы 4 желтоқсанда А. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде өткен жаңа музей сабағының тақырыбына айналды. Балалар Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі жиынтығының алтын қорын құрайтын көрнекті суретшілердің жұмыстарымен…
3 желтоқсанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Президент болғым келеді» іскерлік ойыны өтті. Іс-шараға қаламыздағы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Экономика және құқық институтының тарих мамандығы бойынша 1-2 курс студенттері қатысты. Іскерлік ойынның І кезеңінде жастар өз тобынан…
22 қарашадан бастап Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған дәстүрлі іс-шаралар он күндігін өткізіп келеді. Қызметкерлер № 6,7, 23 орта мектептердің оқушылары үшін музей сабақтарын ұйымдастырды, «ҚР ІІМ Қостанай облысының полиция департаменті» ММ…
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі