Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін50   Кеше215   Бір аптаның ішінде1058   Айында2168   Барлығы176214  
Жаңалықтар
2016 жылдың 26 сәуір күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының 85-жылдығына орай биология ғылымдарының кандидаты, НМТҚ қызметкері, жануарлардың қоныс аударатын түрлерін қорғау бойынша Бонн конвенциясының сарапшысы, Солтүстік Еуразияның сұңқар тектестер бойынша халықаралық жұмысшы тобы төрағасының орынбасары, Мензбир…
2016 жылдың 22 сәуірінде картина галереясында белгілі қостанайлық суретші-мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Баян Баталовамен шығармашылық кездесу өтті. Кездесу кескіндеме, мүсін, графика және батикте орындалған автордың 75 шығармашылық туындылары ұсынылған «Туған жер – алтын бесік» атты мерейтойлық дербес көрмесінің экспозиция…
2016 жылы 20 сәуірде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ халқының ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан үйлену салтына байланысты дәстүрлеріне арналған жоба бастау алып, соның ішінде «құдалық» тақырыбына арналған тұсаукесер-кездесу өтті. Кештің жүргізушілері Айгүл Неғметжанова, Эльмира Алшымова және мұражайдың қонағы-ҚР еңбек сіңірген…
Жыл сайын 18 сәуірде Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күні атап өтіледі. Бұл күнді 1982 жылы ЮНЕСКО бекіткен. Осы күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері үшін «Уақыт куәгерлері» атты блиц-тест өткізді. Қостанай ескерткіштері бойынша саяхат…
Халықаралық құстар күні - экологиялық мереке. Ол 1906 жылдың 1 сәуірінен -құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық конвенция қабылданған сәттен бастап аталып өтеді. Жыл құстарының жылы ұясына қайтуы славян халықтарында әрқашан көктем басталуының символы ретінде атап өтіледі. Көне заманнан қалған дәстүр -…
2016 жылғы ең мәнді күндердің бірі – ол Қазақстан жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығы. 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында Амангелді Иманов және басқа да көтеріліс басшылары халықты тәуелсіздік үшін күреске…
7 сәуір күні - жер жүзі тұрғындары Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді. Алғаш рет бұл мереке 1948 жылы 22 шілде де аталып өтті, бірақ оны 1950 жылы 7 сәуірге ауыстырды, бұл күн - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысы қабылданған күн.…
Қостанай қаласының бейнелеу өнерінде маңызды мереке аталып өтті! 2016 жылдың 30 наурызында картина галереясында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Баян Баталованың 55 жас мерейтойына арналған «Туған жер – алтын бесік» атты дербес көрмесі ашылды. Көрменің салтанатты ашылуында кескіндеме, мүсін, графика және…
2016 жылдың 25 наурызында картина галереясында қостанайлық суретші-қолөнер шебері, Қостанай меценаттар клубынының «Шабыт» сыйлығының иегері Арлан Аңқауов пен оның «Arlan Design» студиясы оқушыларының «Дала желі» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті. Арлан Аңқауов дарынды суретші-қолөнерші және дизайнер ретінде өзін танытып, ұсатылған…
2016 жылы 16 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, суретші, қолөнерші Светлана Ивановна Шалунова мен оның А.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде оқитын оқушыларының «Киіздегі өмір өрнектері» атты шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды. Көрмеге суретшінің өз қолымен киізден жасаған 19…
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі