Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін1   Кеше80   Бір аптаның ішінде314   Айында1385   Барлығы167296  
Жаңалықтар
Бүгін облыстың зиялылары, ақындары, қыл қалам шеберлері, жалынды жастары және алыс-жақыннан келген қонақтары «Айналдым сенен, Атамекенім!» атты облыстық қызғалдақтар фестивалінде бас қосты. Іс-шараның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны, соның ішінде қызғалдақты қорғауға шақыру. Ұлттық дәстүрдің ұйытқысы болып табылған іс-шара аясында…
Ұлы Жеңіске арналған «Қасіреті естен кетпейді!» атты театрландырылған әдеби-сазды композициясы шеңберінде «Майданнан келген хаттар» акциясы өтті. Шара барысында қатысушыларға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған майдан хаттарын оқуға мүмкіндік берілді. Ол үшбұрыш хаттар - ұрыс даласында жүріп үйіне, ата-анасына, туған-туысына…
Ұлы Жеңіс күні - Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһарман аталарымыз, әкелеріміз, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен…
2019 жылы 25 сәуір күні еліміздің астанасында Тәуелсіздік сарайында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вадим Быковтың «Қас – қағым сәт, аялда, сен ғажапсың!» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Дербес көрмеде 50-ден астам кескіндеме және графика туындылары қойылған. Вадим Быков әр түрлі…
2019 жылдың 4 мамырында Қостанай облысы Амангелді ауданында «Айналдым сенен, Атамекенім!» атты облыстық қызғалдақтар фестивалі өтеді. Фестиваль қатысушылары мен қонақтары Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейі және А. Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейінің қоры жиынтығынан…
2 мамырда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы Отан соғысы құжаттарындағы адамдардың тағдыры» атты музей сабағы өтті. Іс-шараға Қостанай қаласы әкімдігі білім басқармасының Бауыржан Момышұлы атындағы № 5 орта мектебінің 5"б" және 5"е" сынып кадеттері қатысты. Тарихтың тірі куәгерлері өмірден озса…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қостанай облысы: арман және орындалу» залында Социалистік Еңбек Ері К.Б.Дөненбаева туралы жаңа тақырыптық көрме ашылды. Экспозицияға К.Дөненбаеваның жеке заттары, түпнұсқа құжаттары, фотосуреттері, марапаттары қойылған, бұл - құрмет грамоталары, мандаттар, жеке куәліктер және КСРО Жоғарғы Кеңесінің төсбелгісі,…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде суырып салма ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ КСР-нің халық ақыны Омар Шипиннің 140 жылдығына арналған «Халық ақыны» көрмесі ашылды. Көрмеде қазақтың халықтық шығармашылығының көрнекті өкілдерінің бірі Омар Шипиннің құжаттарымен, фотосуреттерімен, жеке заттарымен және қолжазбаларымен таныса…
Еліміздің болашақта гүлденуі үшін мемлекет ішінде тұрақтылық, онда тұрып жатқан халықтардың достастығы мен келісімі болуы қажет. Қазақстан халқының бірлік күні мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Достық мекенінде» атты этно-мәдени бірлестіктерінің фестивалін ұйымдастырды. Мерекеге Қазақстан халықтары Ассамблеясының Қостанай облыстық филиалының…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Монотипия» техникасында қолжазба кітаптар жасау бойынша шеберлік сабағы Қостанай қаласының №115 орта мектебінің оқушыларына өтті. Монотипия техникасы – балалардың шығармашылық ойы мен қиялын дамытудағы, шығармашылық белсенділігін аттырудағы дәстүрлі емес тәсілдердің бірі болып табылады. Монотипияда бояулар түрі…
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі