Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін14   Кеше67   Бір аптаның ішінде169   Айында2009   Барлығы199848  
Жаңалықтар
2018 жылы 15 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ҚМПИ және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ң студенттеріне ғасырлар бойы сақталған қазақ халқының көне дәстүрін жаңғырту мақсатында кілем тоқу мерекесін өткізді. Іс-шара барысында музей қорындағы ХІХ-ХХ ғасырларда қолдан тоқылған…
2018 жылдың 13 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Наурыз шапағаты» атты фольклорлы-этнографиялық музей мерекесі өтті. Наурыз – қазақтар мен Азияның көптеген халықтарында бес мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келе жатқан жылдың басты мерекесі. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жандануы мен…
2018 жылдың 6 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлермен Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмірдің шырағы» атты музейлік мереке өтті. Кездесуге танымал ақын, журналистика саласының ардагері, тәлімгер, Республикалық «Ажар» сыйлығының, Қостанай облысы меценаттар клубы "Қазына” сыйлығының иегері Бердалинова Ғайнижамал…
2018 жылы 5 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге орай «Көктемгі вернисаж» атты қазіргі заманғы сәндік батик өнері арт-жобасы ашылды. Көрмеге танымал суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері Светлана Каратаеваның (Лисаков қаласы), Галина…
2018 жылдың 2 наурызында «Дәстүрді сақтай отырып» атты көрменің ашылуы өтті. Көрмеде Л.И.Русин атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары мен оқытушыларының 80-нен астам кескіндеме және графикалық жұмыстары ұсынылды. Леонид Иванович Русин ҚР халыққа білім беру ісінің үздігі, Қостанайдағы А.И.Никифоров атындағы мамандандырылған көркемсурет…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2018 жылдың 1 наурызында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдаламасын іске асыру аясында алғыс айту күніне арналған интерактивті-көрмелік акция өтті. Қостанайлықтар мен қала қонақтары назарына «Ел мақтанышы – Астана» атты көрме ұсынылды. Жаңа экспозицияда…
2018 жылдың 28 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ел мақтанышы - Астана» атты көрме ашылды. Көрме Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Көрмеге бас қаламыз – Астананың 20 жылдық қалыптасу және қарышты даму кезеңдерін бейнелейтін…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық-көрме залына Ресейдегі Коста-Риканың елшісі Артур Фурнье Фасион келді. Елшінің назарына ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың «Ұлы есімдер-2», Леонид Игошиннің «Өмірдің өрнекті суреті» және қостанайлық суретшілердің «Пленэр-2017» атты көрмелері ұсынылды. Экскурсия барысында Артуро Фурнье Фасио…
2018 жылдың 23 ақпанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде белгілі қостанайлық суретші-қолөнерші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай Меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері Леонид Игошинмен шығармашылық кездесу өтті. Леонид Александрович Игошин - танымал шебер-зергер, оның өнері Қазақстаннан тыс жерлерге де танымал. Ол…
2018 жылдың 22 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқановпен кездесу кеші өтті. Кешке Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдин, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 10 сынып оқушылары қатысты. С.Б. Бұқанов - Қостанай…
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі