Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін132   Кеше330   Бір аптаның ішінде462   Айында1572   Барлығы175618  
Жаңалықтар
2018 жылы 27 шілдеде Кәкен Күсеновтің «Суреттер сөйлейді» атты дербес көрмесінің ашылуы болды. Суретші көрмені өзінің 60 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырды. Дербес көрмеге 30-дан астам кескіндеме туындылары қойылды. Кәкен Күсенов Алматы облысы Ақсу ауданының Арасан ауылында дүниеге келген. Орта…
Қорық-музей 2018 жылы Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығы мен Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің құрылғанына 20 жыл толуына орай және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып, еліміздің Астана, Қостанай, Петропавл, Павлодар,…
Көрменің ашылу рәсімі Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2018 жылдың 24 шілде күні сағат 15:00-де өтеді. Көрме 2018 жылдың 24 шілдесінен 28 шілдесіне дейін жұмыс істейді. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейі және Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Сіздерді көрмені тамашалауға шақырады!
Жазғы демалыс кезеңде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі жыл сайын жазғы лагердегі балалар үшін жылжымалы көрме ұйымдастырады. «Шексіз музей» акцияның басты мақсаты музейдің фото және құжатты материалдары негізінде Қостанай облысының мәдени мұрасын насихаттау. 2018 жылы 11 шілдеде музей қызметкерлері акция шеңберінде…
Биылғы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығын мерекелеуде. Еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың туған күні қарсаңында Қостанай олблыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ҚР Ұлттық Гвардиясының № 6697 ә/б сарбаздары үшін «Астана – арман қала, бейбітшілік пен ізгілік қаласы»…
Ұлттық домбыра күніне орай 2018 жылдың 1 шілдесінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағында өткен облыстық «Домбыра-думан» іс-шарасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор жиынтығынан «Күмбірлеген домбыра» атты музыкалық аспаптардың көрмесі ұсынылды. Көрмеде 1916 жылғы көтерілістің басшысы Амангелді Имановтың, Қазақ КСР-нің халық артисі,…
2018 жылдың 27 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі Галина Надеинаның «Шығармашылық шаттығы» атты дербес көрмесі ашылды.Көрмеге кескіндеме, графика, батик жанрларындағы 40-тан астам картиналар қойылды. Г. Надеина 2012 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Кескіндеме,…
2018 жылдың 26 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі нашақорлық және есірткі саудасына қарсы Халықаралық күрес күніне арнап Қостанай қаласындағы орталық демалыс паркінде және мұражай холлында «Есірткісіз әлем» ақпараттық-насихат акциясын өткізді. Музей қызметкерлері акцияның қатысушыларына есірткінің зияны, нашақұмарлардың тағдыры, зиянды әдеттерді…
2018 жылы 17 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде «ARTiKO»-ның интерактивті шығармашылық кеші өтті. Іс-шара барысында «TheGrateful» музыкалық тобы, автор-орындаушы Александр Пономарев, «INTERDANCE» заманауи бишілер студиясының бишілері, орыс драма театрының актрисасы Анна Горбачевская, «Рисунки Ветром» вокалды-инструменталды тобы, музыкалық…
2018 жылдың 18 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Елордамыздың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласының күндері аясында «Ақ тілекпен, Астана» атты көрменің тұсаукесері өтті. Көрмеге Тәуелсіздік Сарайының қорынан қазақстандық суретшілердің 60-қа жуық жұмыстары ұсынылды, оның ішінде:…
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі