Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін8   Кеше116   Бір аптаның ішінде972   Айында1929   Барлығы172374  
Жаңалықтар
18 қазан - Рухани келісім күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері діни конфессия өкілдер мен Қостанай медициналық колледжі студенттері кездесуін ұйымдастырды. Кездесу барысында «Маңдай батыр» мешітінің имамы Асылхан Маханбетжанұлы Түсіпбек пен Қазан құдай ана иконы храмының басшысы Иерей Андрей…
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша 2018 жылдың 18 қазанында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» арнайы жобасының жұмыс тобы кезекті отырысы өтті Жұмысшылар тобының мүшелері қоғам өкілдерімен бірлесе отырып Қостанай облысының жаңадан анықталған киелі нысандарының тізбегін талқыға салды. Облыстың барлық…
15 қазанда №7 ОМ «Алаш мұрасы: өткеннен келешекке» атты музей сабағы өткізілді. Музей сабағы барысында «Алаш туының астында» фотоқұжаттық көрме жұмыс істеді. Сабақ барысында жоғарғы сынып оқушылары ел тарихынан мол мағлұмат алып, «Алаш» мұрасының өте бағалы екендігін және бүгінгі күні…
2018 жылдың 12 қазанында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вадим Быковтың «Қас-қағым сәт, аялда, сен ғажапсың!» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті. Қостанай қаласының суретшісі Вадим Быков көрмені өзінің 50 жас мерейтойына орай ұсынып отыр. Дербес көрмеде 90-нан астам кескіндеме және графика…
Еңбек күні қарсаңында «Еңбек қуанышы мен өмір бақыты» музей мерекесі топтамасы шеңберінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 28 қыркүйек күні «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қостанайлық жеңімпаздары» атты іс-шара өтті. Шара қонақтары №18 орта мектеп оқушылары мен Қостанай кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері…
2018 жылдың 25 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті ақын, жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Қайнекей Жармағанбетовтің 100 жылдығына арналған «Теңіздей терең тұлға» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешке ақын-жазушылар Ғ.Ахметчин, С.Оспанов, Н.Мұқатов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2018 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның халық жазушысы, ақын Ғафу Қайырбековтің 90 жылдығына арналған «Сыршыл ақын» атты сазды- поэзиялық кеш өтті. Кешке Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылық еңбегімен танысты,…
14 сентября в г. Петропавловске Северо –Казахстанской области состоялось открытие выставки из фондов Костанайского областного краеведческого музея. Выставка «Наследие земли Костанайской» имеет два места экспонирования — Северо-Казахстанский областной историко-краеведческий музей и музей изобразительных искусств. Посетители выставочной экспозиции в Северо-Казахстанском областном…
2018 жылы 11 қыркүйекте Астана қаласының Жас Суретшілер одағының мүшесі, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі Гүлдана Жұрқабаеваның «Альтернатива» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде автордың 20 кескіндемелік туындысы ұсынылды. Гүлдана Жұрқабаева Қостанай облысы Торғай кентінде дүниеге келген. 2003 жылы Қостанай гуманитарлық…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Ұлттық отбасы күніне «Музейге отбасымен саяхат» атты акция ұйымдастырлы. Осы ерекше демалыс күнінде музейге келушілерге арналған бағдарламада «Отбасы шежіресі», «Отбасы елтаңбасы» сияқты байқаулар болды. Акцияға қатысушылар туыстық қатынастар тақырыбында кроссвордтар мен жұмбақтар шешті, караокеге қосылып…
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі