Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін51   Кеше61   Бір аптаның ішінде51   Айында2226   Барлығы204537  
Жаңалықтар
Құрметті достар! 9 маусымнан бастап Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі келушілерді қабылдауды бастады. Жұмыс кестесі бұрынғыдай, күнделікті 10.00-ден 17.00-ге дейін, дүйсенбі демалыс күні. Айдың соңғы жұмыс күні – санитарлық күн. Кіру тегін. Біз сіздерді біздің музейде көргенімізге өте қуаныштымыз!
2020 жылдың 05 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің Өлке табиғаты мен экологиясын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету секторының меңгерушісі Танабаева Б.С. «Наурызым қорығы - Қостанай облысы табиғатының інжуі» атты онлайн дәріс оқыды. Әлеуметтік желі оқырмандарына қорықтың тарихы туралы толық мағлұмат беріліп, музей…
2020 жылдың 04 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің Facebook, Instagram, Vkontakte әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда «Кітап белгілерінің құпиясы» атты музейдің қор жиынтығындағы экслибрис туындылардан онлайн көрме ұсынылды. Экслибрис - кітап белгісі, кітаптың кайда, кімге тән екендігін айқындайтын таңба-белгі. Экслибрис кітап мұкабасынын…
2020 жылы 4 маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздерінің күніне орай музей қызметкерлері «Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілері үшін «Тәуелсіз елдің төл белгілері» атты қашықтықтан зияткерлік-танымдық ойын өткізді.  Мерекеге қатысушылар мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы слайд-бағдарламаны қарап Қазақстанның…
Балаларды қорғау күнінде өкінішке орай, короновирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында дәстүрлі көпшілік іс-шаралар өткізілмеді. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері өзінің ең кішкентай достары мен олардың ата-аналары үшін онлайн түрде шеберлік-сағатын дайындады.  Экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Бейсова Қ.Б. әртүрлі…
2020 жылдың 30 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік жұмыстармен қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері Е.А.Суряднова «Халық жауы атанды» атты Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған онлайн дәріс оқыды. Дәріс барысында музей қорынан фотоқұжаттар көрсетілді. Әлеуметтік желі оқырмандары Қазақстанда және…
2020 жылдың 28 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Даңқ орденінің толық иегері, Социалистік Еңбек Ері М.С. Яровойдың 95 жылдығына арналған онлайн көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Михаил Саввичтің музей қорындағы жеке жиынтығынан фотоқұжаттары, марапаттары жеке заттары қойылды. Көрме барысында музей қызметкері М.С.…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде дәстүрлі «Музей түні-2020» жобасы биыл тұңғыш онлайн режимінде өтті. Әлеуметтік желідегі оқырмандар үшін музей қызметкерлері онлайн режимде экскурсия, дәріс, викториналық сұрақтар, шеберлік сағатын, танымдық бейнесюжеттер дайындады. Онлайн жоба сағат 20.00-де сирек кездесетін жәдігерлер көрмесі бойынша онлайн…
Сырбай Мәуленов – Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының қайсар рухын жырлап насихаттанғаны үшін ақындар мен жазушыларға берілетін Александр Фадеев атындағы сыйлықтың иегері. 2020 жылдың 9 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Майдангер ақын Сырбай Мәуленов» атты онлайн дәріс…
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі