Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін24   Кеше121   Бір аптаның ішінде373   Айында1089   Барлығы149883  
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында 27 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандарына «Жаңа тарих-жарқын тұлға» атты дәріс оқылды. Дәріс барысында Ұлт Көшбасшысының заманауи және қарқынды дамудағы мемлекетті құруға бағытталған…
23 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері және Жастар корпусын дамыту жобасының «Менің Қостанайым» тобы Қостанай қаласындағы орта мектеп оқушылары арасында «Туған елім» зияткерлік байқауын өткізді. Сайысқа № 5, 15, 17, 20, 115 орта мектептің орта буын оқушылары қатысып, Қостанай…
Қостанайлық қолөнер шебері Жанна Ташмуканова Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімі залында педагогикалық колледж студенттері үшін ұлттық кәдесый өнімдерін әзірлеу бойынша шеберлік сағатын өткізді. Жанна Қостанай қолөнер шеберлерінің құрамында «ЭКСПО-2017» бірегей мәдени-туристік және имидждік жобасының - «Этноауыл» кешеніндегі көрмесіне…
Жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні аталып өтіледі. Бұл күннің маңызы шылым шегушілерге зиянды әдеттен арылу керектігі туралы түсінік беру. 2018 жылы 16 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің холында «Саламатты өмір салтын таңдаймын» атты интерактивті…
«Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпыреспубликалық акция шеңберінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 14 қарашада қоғамда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақша сөйлесу мәдениетін арттыру және мемлекеттік тілді үйренуге қызықтыруға бағытталған шағын байқау өткізді. Шараға шақырылған Қостанай қаласындағы №19 орта мектептің оқушылары…
2018 жылдың 15 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы №7 орта мектеп оқушыларына ұлттық валютаның айналымға түскеніне 25 жыл толуына арналған іс-шаралар топтамасын өткізді. Оқушыларға ұлттық валюта - теңгенің шығу, қалыптасу тарихы туралы мәліметтер беріліп, құжатты бейне фильмдер…
Ұлттық валюта – төл теңгеміздің айналымға енгізілгеніне 25 жыл толды, ширек ғасыр ішінде теңге өзінің қабілеттілігі мен тұрақтылығын дәлелдей отырып, түрлі сынақтарды және қиыншылықтарды басынан өткерді. Алғашқы теңге үлгілері біртіндеп айналымнан шығарылып, заман талабына сай қайта жасалды. Ұлттық валютаның ең…
14 қарашада облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Сары шымшық күні» атты экологиялық акция өтті. Ежелден халық жоралғылары бойынша 12 қарашаға қарай қыстайтын құстар - сары шымшық, пайызторғай, суықторғай, шекілдек, самырқұстар таяп қалған суықты күні бұрын сезіп, адамның тұрғын үйлеріне жақынырақ ұшып келеді,…
Қостанай облысының мәдениет басқармасының қолдауымен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің археологиялық зертханасымен бірлесіп Торғай геоглифтерін зерттеді. Оның қорытындысы ретінде «Торғайдың ғұрыптық-қасиетті геометриялық кешендері» кітабы жарыққа шықты. Аталған басылымда Торғайдың жер үстіндегі ең жұмбақ және ғажайып құрылыстары туралы…
2018 жылдың 9 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде қостанайлық суретші, график, Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, ҚР суретшілер одағының мүшесі Вадим Быковпен шығармашылық кездесу өтті. Кездесуге Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. Қазан айында Вадим Быковтың…
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі