Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін13   Кеше67   Бір аптаның ішінде168   Айында2008   Барлығы199847  
Жаңалықтар
2020 жылдың 25 қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы және Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі көрнекті ғалым, саяхатшы, этнограф, фольклоршы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арналған «Тарихи тұлға: Ш. Уәлихановтың ғылыми және рухани мұрасы» онлайн дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты: Ғылыми-зерттеу…
Өз ісінің нағыз майталманы атану оңай шаруа емес. Бұл үшін ұзақ жылдар мен талмас еңбек керек екені белгілі. Еліне аянбай еңбек етіп, ісімен үлгі болып, өзгеге бағыт, бағдар беретін жандар ортамызда аз емес. Еңбек күніне арналған «Еңбек қуанышы мен өмір…
2020 жылдың 23 қыркүйегінде «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері еңбегімен ел құрметіне бөленген, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, екі Ленин және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, Қостанай қаласының және Қостанай облысының…
21 қыркүйекте ҚР Ұлттық Ұланы 6697 ә/б Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл халықтар достастығының елшісі» атты байқау ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері киіз үй жабдықтарынан көрме ұйымдастырды. Көрмеге музей қорындағы ағаштан, киізден, сүйектен жасалған бұйымдар қойылды.…
2020 жылдың 20 қыркүйегінде Қостанай облысының ең көрікті жерлеріне облыстық көркемсурет жобасы шеңберінде қостанайлық суретшілер Бозбек және Шоққарагай ауылдарының маңында пленэр өткізді. Жобаға кескіндемеші-суретшілер, ҚР Суретшілер одағының мүшелері: Александр Захарченков, Светлана Шалунова, Баян Баталова, Лариса Дмитриева және суретшілер Олег Кусков,…
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. 21 қыркүйекте музей қызметкері әлеуметтік желі қолданушыларға тұсаукесердің жібін дайындау бойынша шеберлік сабағын…
Әсел Нұркенованың «Үйлесім заңы бойынша» атты дербес көрмесіне маймен салынған 23кескіндеме жұмыстары ұсынылған. Жас суретші Әсел Нұркенова 2019 жылы өткен бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың 1-республикалық «Жас толқын - 2019» байқауында лауреат атанды. Оның алғашқы дербес көрмесі 2020…
2020 жылы 16 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері әлеуметтік желі оқырмандарына «Табиғат - ғажап әлем» атты онлайн көрме ұсынды. Көрмеде белгілі оралдық суретші-нақышшы, офортист Л.Вейберттің музей қоры жиынтығындағы графикалық туындылары қойылған. Кез келген автор үшін ең бастысы – оның…
2020 жылдың 16 қыркүйегінде «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Балкенұлы Бұқановтың өмірі мен еңбек жолында жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі. Сайран Балкенұлы Бұқанов Қостанай облысы қазіргі Ұзынкөл ауданына қарасты…
Отбасы салт-дәстүр мен мұралардың сақтаушысы. Отбасы – тәрбие белгісі. Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады. «Отбасы тәрбие бастауы» музей акциясы аясында музей қызметкерлері әр түрлі жастағы тұрғындар арасында «Бақытты отбасы» ұғымын қалай түсінетінін және отбасылық…
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі