Әсел Нұркенованың «Үйлесім заңы бойынша» атты дербес көрмесіне маймен салынған 23кескіндеме жұмыстары ұсынылған.
Жас суретші Әсел Нұркенова 2019 жылы өткен бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың 1-республикалық «Жас толқын - 2019» байқауында лауреат атанды.
Оның алғашқы дербес көрмесі 2020 жылы өзінің туған қаласында Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінде өтті. Әсел Нұркенова қостанайдың танымал суретшісі А.Захарченковтың студиясында біраз уақыт дәріс алды. Кескіндеме шеберінің үйреткен тәсілдерін бойына сіңіре отырып, қоршаған әлемді өзінің қабылдауымен бейнеледі, Әсел шеберлікті игеру жолында бірқалыпты, айқын бағытта келеді.
Көрмеде портреттік туындылар және натюрморттар ұсынылған. Әсел реалистік болмысты бейнелей отырып, киім-кешек, тұрмыстық және басқа да заттардың бөлшектерін егжей-тегжейлі сала отырып, ұлттық нақышты көрсетуге деген ұмтылысы, оның жұмыстарының мазмұн ерекшелігін көрсетеді. Оның портреттерінде өзінің жақындары - әжесі, балалар, құрбылары мен өзі.
https://www.instagram.com/tv/CFRMHdjgZj9/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/903340286823521/
https://vk.com/id397862586?z=video397862586_456239225%2F963e11ee0d0aaffaa9%2Fpl_wall_397862586