2021 жылдың 18 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері 2021 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық іс-шаралар жоспарын түсіндіру бойынша әдістемелік дистантына қатысты. Іс-шараны «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ тарапынан облыс мектептері директорларының орынбасарлары және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жауапты әдіскерлері үшін ұйымдастырылды.
Музей қызметкері өңірдің киелі жерлеріне ақпараттық ілгерілету жұмыстарын жүргізу барысын, соның ішінде виртуалды кеңістіктегі жұмыстар, сондай-ақ музей экспозициясы бойынша әзірленген мобильді қосымшалар туралы айтып берді. Семинар барысында ағымдағы жылға тарихи-мәдени мұраны сақтау және көпшілікке тарату бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды.