Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Жауынгер көзімен» - Ұлы Отан соғысына қатысқан кеңестік және Қазақстан суретшілерінің музей қорындағы кескіндеме және графикалық туындыларынан, тарихи оқиғаларға арналған әскери техника модельдері мен көркем диорамалардан көрме

08.04.2025
«Жауынгер көзімен» - Ұлы Отан соғысына қатысқан кеңестік және Қазақстан суретшілерінің музей қорындағы кескіндеме және графикалық туындыларынан, тарихи оқиғаларға арналған әскери техника модельдері мен көркем диорамалардан көрме
2025 жылдың 8 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жеңістің 80 жылдығына орай «Жауынгер көзімен» атты Ұлы Отан соғысына қатысқан кеңестік және қазақстандық суретшілердің туындыларынан, тарихи оқиғаларға арналған әскери техника модельдері мен көркем диорамалардан көрме ашылды. Бұл көрме - Ұлы Отан соғысына қатысқан суретшілерге құрмет көрсету ғана емес, сондай-ақ қасіретті және қаһармандық кезеңді есте сақтаудағы өнердің маңыздылығын еске салу болып табылады. Экспозиция келушілерді көрмеге жұмыстары қойылған атақты суретшілер Б. Чекалин, Н. Афанасьев, С. Беседин, Н. Гаев және тағы да басқа суретшілердің шығармашылығымен таныстырады. Ауқымды картиналар шайқастың сұрапыл сәттерін де, жақындарымен қоштасу немесе үйге оралу сияқты лирикалық көріністерді де бейнелейді. Көрменің бір бөлігін тікелей майданда немесе эвакуация кезінде қарындашпен орындалған графикалық жұмыстар құрайды. Көрмеде Дмитрий Понкратов, Иван Троянский, Алексей Бубенщиков, Денис Гайнутдинов, Вячеслав Исаев, сынды үлгіші-авторлардың жұмыстары да ұсынылған. Әртүрлі елдердің әскери, азаматтық және арнайы техникасының, соның ішінде танктер, ұшақтар, кемелер және автомобильдердің нақты көшірмелері. «Соңғы шайқас», «Өмір толқыны», «Кавказ майданы» және тағы басқа тарихи оқиғаларды бейнелейтін көлемді нобайлар - диорамалар ерекше орын алады.