29 қараша күні музейде Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін шырша ойыншықтарын жасау бойынша шеберлік сабағы өтті. Музей қызметкері Қ.Б. Бейсова оқушыларға жұқа киізден шырша әшекейлерін жасау техникасымен таныстырды. Қатты қағаз үлгілерін пайдалану мүмкіндіктерін және дұрыс түстерді қалай таңдау керектігі туралы айтып берді. Сондай-ақ әртүрлі заттарды: баулар, моншақтар, жылтырауықтар, жасанды асыл тастар және әртүрлі кішкентай әшекейлерді пайдалана отырып шырша ойыншықтарын ерекше әрі қайталанбайтындай жасауға болады. Ең бастысы - аздап қиял қосу. Әр оқушы өзінің сүйікті пішінің таңдады. Шебердің жетекшілігімен қатысушылар өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыра отырып, шырша ойыншығын жасады. Үйде жаңа жылдық шыршаны безендіру үшін дүкендерден қымбат шырша әшекейлері мен ойыншықтарын сатып алудың қажеті жоқ, оны өз қолыңызбен жасай аласыз.