2026 жылғы 14 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Облыс музейлерінің музейаралық байланысы» жобасы аясында бейнелеу өнері бөлімінде Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық музейінің қорынан Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған «Өзағаның жинаған өз мұрасы» атты көрменің ашылуы өтті.
Мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, мәдениет жанашыры қоғам Ө. Жәнібековтің 95 жылдығына орай көрмеге 95 жәдігер қойылды. Олардың қатарында жеке архивтік материалдары мен фотосуреттері, ұлттық киім үлгілері, этнографиялық бұйымдар және Арқалық музейінің қорында сақталған, қайраткердің өз қолымен тапсырған музей жәдігерлері бар.
Шараға тарихшылар, өлкетанушылар, зиялы қауым өкілдері, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері қатысты.
Көрме қазан айының соңына дейін жұмыс істейді.







