Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Сырмақ - халықтың тұрмыс-тіршілігінде кең қолданыста болған, ұлттық қолөнер туындысы

08.12.2023
Сырмақ - халықтың тұрмыс-тіршілігінде кең қолданыста болған, ұлттық қолөнер туындысы

2023 жылдың 7 желтоқсанында ҚР Ұлттық музейінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу жөніндегі секцияның отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасының ұлттық тізіміне енгізу үшін жинақталатын заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен ұсыныстар қарастырылды.

Секция жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Вице-министрі А.Ә. Жүдебаев, ҚР  Мәдениет комитетінің төрағасы К.Қ. Сейітова, облыстық Мәдениет басқармасының басшылары мен музей басшылары қатысты.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесіне халықтың тұрмыс-тіршілігінде кең қолданыста болған, ұлттық қолөнер туындысы сырмақты ұсынды. Киізден жасалған бұйымдарды ата-бабаларымыз ежелден қолданып келген. Музей қорында 11 сырмақ бар. Олар 1961-2000 жылдары Қазақстанда, Өзбекстанда, Монғолияда жасалған, Қостанай өңірінің тұрғындары және Қостанай облысына қоныс аударған қандастарымыз тапсырған.