Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ұранды елдің ұрпағы қайсар» - Отан қорғаушылар күніне арналған музейлік сабақ

26.07.2024
«Ұранды елдің ұрпағы қайсар» - Отан қорғаушылар күніне арналған музейлік сабақ
2024 жылғы 3 мамыр күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық және мәдени білім беру жұмыстары бөлімінің қызметкері Мұханбетқали Таңшолпан 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты музейлік сабақ өткізді. Музей сабағына Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар топқа бөлініп, ҚР-ның Қарулы күштеріне байланысты түрлі тапсырмалар орындады. Сабақ соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.