2026 жылғы 10 қыркүйек күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Қазақстандағы Отбасы күніне орай Сырбай Мәуленов атындағы гимназиясының 6 «А» және 6 «В» сынып оқушыларына «Отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбында танымдық сағат өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызы, отбасылық құндылықтар, өзара сыйластық пен сүйіспеншіліктің мәні туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу сияқты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар кеңінен сөз болды.
Танымдық сағат барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті және отбасы құндылықтарына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отбасыға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, ұлттық отбасылық дәстүрлерді дәріптеу және отбасылық құндылықтардың маңызын түсіндіру.