Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанай суретшілерінің «Шығармашылық жолында» қорытынды көрмесі.

29.11.2024
Қостанай суретшілерінің «Шығармашылық жолында» қорытынды көрмесі.
2024 жылдың 29 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында қостанайлық суретшілердің «Шығармашылық жолында» атты қорытынды көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеде қостанайлық суретшілердің 2024 жылы орындалған шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Көрмеге белгілі авторлар Андрей Арискин, Татьяна Баринова, Вадим Быков, Мұхамбетқали Рахалиев, Олег Кусков, Арлан Аңқауов сынды барлық буын суретшілері және жас суретшілер Надежда Яковлева, Валентина Никитина, Валерия Косык қатысты. Көрмеге барлығы 17-ден астам автордың бейнелеу өнерінің әртүрлі техникасы мен түрлерінде жасалған жұмыстары қойылды. Авторлар ұсынған картиналар біздің күнделікті өмірімізге осы кеңістікте де, оларды ой елегінен өткізіп отырған көрерменнің жан дүниесіне де үйлесімділік сыйлайды.