2024 жылғы 20 желтоқсанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қолмен ұстап көр» интерактивті акциясы өтті.
Іс-шара барысында экспозицияда музей қорында сақталған галстук, жалау, керней, дабыл, пионерлік атрибуттар ұсынылды. Акцияға қатысушылар пионер ұйымының құрылу тарихын, жәдігерлердің даму кезеңдері жайлы ақпарат қана қоймай, экспонаттарды қолдарымен ұстап көруге мүмкіндік алды.