Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қолғаппен безендіреміз» шеберлік сабағы

23.12.2023
«Қолғаппен безендіреміз» шеберлік сабағы

Жаңа жылдық әшекейлер үйге жылылық пен жайлылық әкеледі. Әсіресе өз қолыңнан шыққан бұйымдар сәнді де нәзік көрінеді. Мұндай әрбір безендіруден жан жылуы сезіледі және осы бір әшекейді жасаудың қызықты тарихы болады. Үйіңізді жылылық пен жайлылыққа толтырғыңыз келсе, жұқа киізден түрлі сәндік жаңа жылдық ойыншықтарды жасап, алауошақтың үстіңгі жағына немесе шыршаға іліп қоюға болады. Бүгін №19 мектеп оқушыларына шеберлік сабағын өткіздік. Шеберлік сабағының барлық қатысушылары жұқа киізден бұйымдар жасауды үйренді, осы алған дағдыларын үйде қолдана алады. Барлығының жұмысы сәнді де тартымды болды, шеберлік сабағы жайлы жақсы пікірлер айтылды.