2026 жылғы 4 қыркүйекте «I-Qostanay» балаларға арналған SMART-орталығында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – рухани қазына» іс-шарасы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан А. Байтұрсынұлының қайта жаңғыртылған костюмі, ағасы Ақтасқа тиесілі кісен, 1926 жылы Қызылорда қаласында қайта басылып шыққан «Жаңа әліппе» оқулығы, Қазақстан суретшілері салған портреттер және «Оқу-ағарту жолындағы ұстаздық ғұмыр» (Ыбырай Алтынсарин) мен «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының данышпан ұлы» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрмелер қойылды.