Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Нашақорлық – шын қорлық» - Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай музей сабағы

20.06.2025
«Нашақорлық – шын қорлық» - Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай музей сабағы
20 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде өлкенің табиғаты мен экологиясын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері Б.С. Танабаева мен А.В.Андрющенконың ұйымдастыруымен ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары үшін «Нашақорлық – шын қорлық» атты музей сабағы өтті. Баяндамшы ретінде Қостанай облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі подполковник А.К.Сексенова шақырылды. Ол қазіргі жағдайда есірткінің арақатынасы мен олардың таралу тәсілдерінің өзгеруі және осындай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершіліктің күшейгені туралы айтты. Әңгіме барысында екі бейнежазба көрсетілді.