Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Музей қорындағы Ахмет Байтұрсынұлына қатысты жәдігерлер

10.09.2025
Музей қорындағы  Ахмет Байтұрсынұлына қатысты жәдігерлер
Бүгін «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музейдің экскурсиялық және мәдени-білім беру жұмыстары бөлімінің экскурсия жетекшісі Мұханбетқали Т.З. «Алау» телеарнасының көрермендеріне музей қорындағы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына қатысты жәдігерлер жайлы баяндап берді. «Алау» телеарнасы көрермендерінің назарына музей қорындағы Қазақстан суретшісі О. Құсманбектің кескіндеме жанрындағы А. Байтұрсынұлының портреті, қостанайлық суретші Георгий Соковтың «Ахмет Байтұрсынұлы жұбайы Бадрисафамен» картинасы, А. Байтұрсынұлының 1926 жылы Қызылордада басылған суретті жаңа әліппесінің қайта басылған көшірмесі мен А. Байтұрсынұлының отбасына қатысты кісен ұсынылды.