Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Достығы жарасқан, бақытты ел – Қазақстан» - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай танымдық викторина

26.07.2024
«Достығы жарасқан, бақытты ел – Қазақстан» - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай танымдық викторина
26 сәуір күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкеріҚуанышбай Аружан Қостанай қаласы білім бөлімінің Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Достығы жарасқан, бақытты ел – Қазақстан» атты Қазақстан халқының бірлігі күніне орай танымдық викторина өткізді. Іс – шара барысында оқушылар топпен жұмыс жасап, ынтымақ, бірлік, достық жөнінде мақал-мәтелдер айтып жарысты, ұлттық тағамдар туралы сөз жұмбақтар шешіп, түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы сұрақтарға жауап берді. Викторина соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.