2026 жылғы 30 қазан күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Денисов ауданының Мәдениет үйінде «Қазақстан тарихы күні» әлеуметтік жобасы аясында «Келешек 2050» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Ұлттық мұра» ұлттық мәдениет фестиваліне қатысты.
Көпшілік назарына музей қорынан «Дәстүрмен өрілген тарих» атты жылжымалы көрме ұсынылды. Көрмеге қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары, музыкалық аспаптары мен ұлттық киімдері қойылды. Сонымен қатар «Оқу-ағарту жолындағы ұстаздық ғұмыр» (Ыбырай Алтынсарин), «Қостанай облысының тарихы», «Жыр алыбы – Жамбыл» және «Халық батыры» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрмелер таныстырылды.
Сонымен қатар іс-шара барысында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталған жүн түту, жүн сабау және кілем тоқу бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Қатысушылар дәстүрлі қолөнер түрлерімен танысып, ұлттық бұйымдарды жасау тәсілдері туралы мағлұмат алды.
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен қолөнерін кеңінен насихаттап, оны келешек ұрпаққа жеткізу.