Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған «Ел қорғау – ердің міндеті» тақырыбында патриоттық тәрбие сабағы
05.05.2025
2025 жылғы 5 мамыр күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жетекшісі Мұханбетқали Т.З. Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 6-сынып оқушыларына «Ел қорғау – ердің міндеті» тақырыбында патриоттық тәрбие сабағын өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылып, жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен әскери борышқа жауапкершілік сезімін қалыптастыруды мақсат етті. Сабақ барысында оқушыларға ҚР Қарулы Күштерінің құрылу тарихы, әскери құрылымдары, қазіргі заманғы әскери техника мен оқу-жаттығулар жайлы кең көлемде мәлімет берілді. Сонымен қатар әскери мамандықтардың маңыздылығы мен Отан қорғаушылардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі де ерекше атап өтілді.
Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.