2024 жылдың 21 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30-жыл толуына орай «Қазақстан – Менің Отаным» атты көрменің ашылуы өтті.
Көрмеде музей қорынан 100-ден астам заттар ұсынылды, ол бас киімдер, музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар, және де бейнелеу өнерінің туындылары. Сондай-ақ көрмеге Юлия Говорованың жеке коллекциясынан 1960-1980 жылдардағы «Халықтар достығы» сериясынан ұлттық киімдегі қуыршақтар қойылды.
Көрме бір ай бойы жұмыс жасайды.