«Қастеев әлемі» - суретші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған музей сабағы.
18.12.2024
2024 жылғы 18 желтоқсанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі А.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы кескіндеме мен графиканың жетекші шеберлерінің бірі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Қастеев әлемі» атты музей сабағын өткізді.
Әбілхан Қастеев түрлі жанрдағы картиналардың бай мұрасын қалдырды, олардың кейбіреулері Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің алтын жиынтығына енді. Оқушыларға музей қорында сақтаулы Ә.Қастеевтің туындылары көрсетілді. Оның әрбір шығармасы туған өлке мен оның халқы туралы шабытты баяндау, оларда ХХ ғасырда республикада болған барлық маңызды тарихи оқиғалар бейнеленген. Суретші асқан жылылықпен және сырластықпен халық өміріндегі көз алдында болып жатқан тың дүниелерді көрсетуге ұмтылды. Сабақта ұсынылған туындылар, көркем және акварельді пейзаждар қазақ жерінің жаңарған әсемдігін, адам өмірін, оның еңбегін, іс-әрекетін жыртылған жерлер мен заманауи құрылыстар бейнесінен көруге болады. Суретшінің туған жерінде жазылған туындылары, туған жерге деген сүйіспеншілікке толы пейзаждар.