Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қарттарым - асыл қазынам!» Қарттар күніне арналған акция

30.09.2023
«Қарттарым - асыл қазынам!»  Қарттар күніне арналған акция

2023 жылдың 29 қыркүйегінде Қарттар күніне орай музей қызметкерлері «Қарттарым - асыл қазынам!» атты акция ұйымдастырды. Шара аясында акварельмен күзгі пейзажды жасау бойынша «Алтын күз», «Күзгі түрлену» атты шеберлік сағаты өткізілді. Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары өз қолдарымен мерекелік ашықхаттар жасап, қаланың орталық көшелеріне шығып үлкен кісілерді құттықтап, оларға денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп ашықхаттарды табыстады. Олар өз кезегінде жүрекжарды лебіздерін білдіріп, балаларды құшақтарына алды.