Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«AQJAIYQ ÓLKEM» атты жеке көрменің авторы Нұрбек Жәрдемовпен шығармашылық кездесу

03.06.2026
«AQJAIYQ ÓLKEM» атты жеке көрменің авторы Нұрбек Жәрдемовпен шығармашылық кездесу

2026 жылғы 3 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде қазақстандық қылқалам шебері, «AQJAIYQ ÓLKEM» атты жеке көрменің авторы Нұрбек Жәрдемовпен шығармашылық кездесу өтті.

Іс-шараға Қостанай өңірінің суретшілері, мәдениет саласының өкілдері және бейнелеу өнерінің жанашырлары мен өнерсүйер қауым қатысты. Кездесу барысында суретші өз шығармашылығының ерекшеліктері, туындыларының идеялық мазмұны және көрменің дайындалу тарихы туралы әңгімелеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Шығармашылық кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, жылы жүздесу мен тағылымды сұхбатқа ұласты. Шара қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, өнерсүйер қауымды тоғыстырған мазмұнды мәдени іс-шараға айналды.