Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Ақын, ұлағатты ұстаз, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның құрметті жазушысы, Қостанай облысының құрметті азаматы С.Оспановтың 80 жас мерейтойына арналған әдеби-танымдық кеш

29.04.2025
Ақын, ұлағатты ұстаз, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның құрметті жазушысы, Қостанай облысының құрметті азаматы С.Оспановтың 80 жас мерейтойына арналған әдеби-танымдық кеш
2025 жылдың 29 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, ұлағатты ұстаз, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның құрметті жазушысы, Қостанай облысының құрметті азаматы С.Оспановтың 80 жас мерейтойына арналған әдеби-танымдық кеш өтті. Кешке тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері Сүйінкина Пиалаш Балтиқызы, жыршы Нағашыбай Алпысов, журналист Нәзира Жармағанбетова қатысып, ақынға ақ жарма тілектерін жаудырды. Іс-шара барысында Пиалаш Балтиқызы С.Оспановтың жасаған сандығын музейге табыс етті. С.Оспановтың көптеген өлеңдеріне ән жазылған, ел ішіне кең тараған «Сағындым Алматымды» және «Шилi» әндері орындалды. Келген қонақтарға музей қорынан С.Оспановтың жеке заттары мен фотосуреттерінен көрме ұсынылды.