Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің залында белгілі алматылық суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі «Акварель» атты дербес көрменің авторы Ғани Баянмен шығармашылық кездесу өтті.
Суретшімен кездесуге оның шығармашылық жолындағы әріптестері, өнер сүйер қауым мен жанкүйерлер, А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары мен Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында суретші өз шығармашылығы, көрмеге ұсынылған туындылары, жаңа жобалар туралы айтып, көрермендердің сауалдарына жауап берді
Шығармашылық кездесу жылы және достық қарым-қатынаста өтті.