Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Ресей Курск губерниясының шаруа әйелдерінің костюмі

Ресей Курск губерниясының шаруа әйелдерінің костюмі.(4 заттан тұрады) . ХІХ ғасырдың аяғы. Жүннен тоқылған мата, мақта-мата, кашемир, шілтер, үй тоқымасы, тесьма. 1991 жылы Курск облысында өткен этнографиялық экспедиция барысында Суджа қаласының тұрғыны В.С.Дудинадан сатып алынды. Костюм сарафанннан, жейдеден, алжапқыш және мата белбеуден тұрады.

1. Сарафан қара түсті қолдан тоқылған жүн матадан қиғаш салып тігілген. Алды тік, етек жағына қарай кеңейтілген, өңірінің қиығы 24 см. Артқы жағы қиға пішілген бес үшкілден тұрады және ұзына бойына қатпаршақталған. Иықбауы (ені 3 см.) мен жоғарғы бөлігіне сары және сия көк түсті тесьма тігіліп, оқамен әшекейленген. Етегін бойлай жүннен дайындалған жіңішке қызыл түсті тесьма жүргізілген.

2. Жейде ақ түсті. Жоғарғы бөлігі (тұла бойы) фабрикалық мата – сисадан тігілген. Төменгі бөлігі (асты) кенеп матадан тұрды. Жеңдері ұзын, кең, білектері жіңішке манжетке бүріліп жиналған, түйме тағылған. Жағасы қайырмалы.

3. Алжапқыш. Қызыл күрең түсті жұқа кашемирден тұрады. Тұтас кенеп матадан тігілген, жоғарғы жағы ұсақ қатпарланып жіңішке белдікшеге жиналған. Алдыңғы өңірі тамбурлап кестеленген, өрнегі өсімдік тәрізді. Етегінің бұрыштарына көгілдір түсті төртбұрышты мата, ақ шілтер тігілген. Алжапқыш кеудеге қолтықтың астынан байланады.

4. Мата белбеу (Кушак) –жүннен жасалған қызыл, сия көк, жасыл жолақты шашақты белбеу. Екі жақ шеті тамбур тігісімен кестеленген.