Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Жоңғарлармен болған шайқастарға қатысушы Айтбай батырдың дулығасы

12.04.2021

Қанжығалы руынан шыққан Айтбай батыр 18 ғасырдың ортасында дүниеге келген, 1770-ші жылдардан бастап жоңғарлармен болған шайқастарға қатысқан. Бір күні Еділ ханның қалмақтары Үй және Ор (Орск) өзендерінің арасындағы аңғарда Ертіс өзенінің жанында тұрған жоңғарларға 2000 бас жылқы жібермекші болады. Айтбай батыр бастаған қазақ сарбаздары қалмақтарды жеңіп, аттарды Кіші жүзге қайтарады.

Айтбай батыр еліміздің шекарасын бекітуге де зор үлес қосқан. Абылай хан оған қазақ жерін ресей шапқыншылығы мен казак әскерлерінен қорғасын деген мақсатпен солтүстік шекарадан арнайы жер бөлген. Батыр өз міндетін адал атқарған, келіссөздер жүргізіп, отарлаушыларға озбырлық жасауға жол бермеген.

Сіңірген еңбегін мойындау және құрмет белгісі ретінде Айтбай батыр Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген. 

Айтбай батырдың дулығасы мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген. 2011 жылы Айтбай батырдың алтыншы ұрпағы Мұрат Жанұзақов отбасылық жәдігерді музейге сыйға тартты.

Дулыға конус пішінді, қақталған темірден соғылған. Жоғарғы бөлігінде 2,5 см ұзын сүйір төбесі бар. Дулығаның диаметрі бойынша тесік бар, оған желкелік бекітілген болса керек.