2016 жылдың 10 қарашасында картина галереясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қостанай облысының 80 жылдығына арналған бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың VII облыстық «Жас толқын-2016» конкурсына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер номинациясы бойынша өтеді. Конкурстың дипломанттары бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
«Жас толқын - 2016» конкурсын «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ, «ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ ұйымдастырды.
Конкурстың мақсаты - Қостанай бейнелеу өнерінің шығармашылық дәстүрлерін болашақта жалғастыратын, нағыз дарынды жас суретшілерді анықтау, жаңа туындыларды жасауға ынталандырып, кәсіби деңгейін арттыру.
Байқауға Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара және облыс аудандарынан 16 мен 32 жас аралығындағы 30 дан астам жас авторлар кескіндеме, графика, бояу, сурет, мүсін, батик сияқты түрлі техникада орындаған туындыларын ұсынды.
Барлық қатысушалардың жұмыстарын конкурсқа қатысушыларды марапаттайтын күні ұйымдастырылған көрмеден көруге болады.
Іс-шара барысында белгілі қостанайлық қылқалам шебері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Светлана Шалунова шеберлік сабағын өткізді.
Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың VII облыстық «Жас толқын-2016» конкурсының жұмыстарын әділ қазылар мүшесіндегі Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшелері: В. Быков С. Луговой, Ю. Новоселов, суретші-қолөнерші М. Рахалиев және мәдениет қайраткері Л. Маслюк жұмыстарды бағалады.
Кескіндеме» номинациясы бойынша:
- • Кудрицкая Екатерина - 1-ші дәрежелі диплом
- • Гусева Валентина - 2- ші дәрежелі диплом
- • Кропотова Ирина - 3-ші дәрежелі диплом
- • Садовникова Екатерина - Арнайы диплом
«Графика» номинациясы бойынша:
- • Олексюк Нина - 1-ші дәрежелі диплом
- • Соломко Анжелика - 2-ші дәрежелі диплом
- • Берк Яна - 3-ші дәрежелі диплом
«Мүсін» номинациясы бойынша жүлделі орын жоқ.
«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша:
- • Поршкина Нина - 1-ші дәрежелі диплом
- • Калисенова Гульмира - 2-ші дәрежелі диплом
- • Чернова Юлиана - 3-ші дәрежелі диплом
- • Кривоногова Александра - Арнайы диплом
- • Имамбаева Римма - Арнайы диплом
Салтанатты рәсімге ұмтылмас, мерекелік атмосфера сыйлаған автор, орындаушы және композитор Наталья Закора. Жас суретшілерді құттықтауға қостанайдың белгілі суретшілері, ұстаздары, туыстары және достары келді.