Қазақ халқының ертеден келе жатқан өнерінің бірі – зергерлік. Металдың техникалық қасиеттерін жетік білетін халық шеберлері көркемдеп өңдеуде құю, соғу, нақыштау, қалыптау, алтын жалату, қарайту, металл бетіне күміс қондыру, бедерлеу сияқты түрлі әдіс-тәсілдерді қолданған.
9 маусым күні музей қызметкері ТРК Алау «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында тікелей эфирде телекөрермендерге музей қорында сақталған қазақ әйелдерінің күміс әшекейлерінің бірі – айсырға туралы мәлімет берді.
Қазақтың зергерлік бұйымдарын халық шеберлері - зергерлер жеке әдістермен дайындаған. Олар өз шеберліктерін жақындарына үйретіп, мұрагерлікке қалдырып отырған.
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/830057330818484/