Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты көрме

01.03.2021
Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың  туғанына 175 жыл толуына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты көрме

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, өлең сөздің дүлдүлі, жыршы, жырау, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты жылжымалы фотоқұжаттық  көрме дайындалды. Көрмеге ҚР архивтерінен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында анықталған, музей қорының құжаттары мен фотосуреттері пайдаланылды.