2015 жылы 19 наурызда көркемсурет галереясында «Көктемгі вернисаж» атты көрме ашылды. Көрмеге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих және өнер» факультетінің 16 студентінің - Әмірғазина Кәмила, Әубәкірова Тамаша, Гнучая Ольга, Жұматаева Инабат, Китанов Бауыржан, Мерзляк Анастасия, Мұсабекова Сәния, Нұрманов Қазыбек, Омельченко Ксения, Полковникова Елена, Садовникова Екатерина, Старжинская Юстина, Темірбекова Жібек, Федяй Ксения, Шарафеева Гүлістан, Ягудина Анастасияның кескіндеме және графикадағы 54 жұмысы қойылған. Жас таланттар көрмесінің бастамашыларының бірі - өнер кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Сәпиев Әнуар Сартайұлы.
Бүгінде жас авторлардың әрқайсысы жаңа шығармашылық шешімдерге ізденіс үстінде және өзінің жеке даралығын білдіруге талпынады. Болашақта олар жарқын да өзіндік ерекшелігі бар суретшілер ретінде өздерін сенімді түрде танытуы мүмкін. Ал қазір, олар тамаша бояу байлықтарын бағалайтындарға - өздерінің әр түрлі натюрморт, пейзаж, портреттерін ұсынып, шығармашылық шабыт қуанышын сыйлап отыр.