Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру аясында Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ археологиялық зертханасымен бірге Торғай өңірінің бірегей геоглифтерін зерттеу, ғылыми сипаттау және танымал ету мақсатында экспедиция ұйымдастырды.
Бірегей археологиялық зерттеулер тарихы жөніндегі ақпараттық материалдарды бір жүйеге келтіріп, зерделегеннен кейін оның қорытындысы ретінде «Торғайдың ғұрыптық-қасиетті геометриялық кешендері» кітабы жарыққа шықты. Аталған кітаптың 30 қарашада өткен арнайы тұсаукесеріне Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының өкілдері, ғалым-тарихшылар, ЖОО оқытушылары, облыстық мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, жұртшылық өкілдері қатысты.